Психолог ұсыныстары

Автор: admin от 22-12-2015, 08:58, көргендер: 1132

0

Жасөспірім тәрбиелеуде ата – аналарға арналған кеңестер

1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектесіңіз.

2. Өзіңіздің өкпе - ренішіңізге баланы араластыра бермеңіз, әйтпесе қартайғанда ол қылығыңның ащы дәмін татуыңыз мүмкін. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз!

3. Жасөспірімнің мәселесіне бей - жай қарауға болмайды. Әркім өмірде әліне қарай күреседі. Сіз тапқан жолды жасөспірім таба алмауы мүмкін, өйткені онда тәжірибе жоқ.

4. Бала өміріңді билейтін әмірші емес, тіршілік сыйлаған өмірдің қымбат қазынасы, сіз осы қазынаны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз. Бала - әке мен ананың махаббатын сақтайтын алтын қойма.

5 Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз!

6. Басқа балалармен өз балаңызды ешқашан салыстырмаңыз. Әрбір адам жеке дара, қайталанбас тұлға екенін есіңізде сақтаңыз.

7. Жасөспірімді өзінің құрбы – жолдастарының көзінше ұрысып, балағаттамаңыз.

 8. Балаңыз дарынсыз, жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Онымен қарым - қатынас жасағанда қуануға тиістісіз, өйткені оның сізбен болған әр күні мереке

 

Алаңдаушылық сезімі басым жасөспірімдердің ата – аналарына арналған кеңестер.

1.Қиын жағдайларда балаңыз үшін шешім қабылдаудан бас тартыңыз. Жасөспірімге сіздің қиын сәттерде қолдауыңыз да жеткілікті екенін ұмытпаңыз. 

2.Алаңдаушылық сезімі басым жасөспірімдердің еңбекқорлық деңгейін көтеруге тырыспаңыз. Әсіресе алдында тосып тұрған шешуші жағдайлармен байланысты, мысалы қорытынды бақылау жұмысын жазу сияқты...

3.Кез келген уақытта  барлық жағдайлардың оңтайлы жағын әсірелеуге көңіл бөліңіз.

4.Жасөспірімнің алдына орындай алатындай мақсаттар қойыңыз және жетістікке жетуде қол ұшын беруді ұмытпаңыз.

5. Баланы қажетіне сай мадақтап отыру маңызды. Яғни әр ата-ана өз баласының мінезін темперамент ерекшелігін ескеріп соған сай тәрбиелегені жөн

6.Балаңызға және өзіңіз де дем алу жаттығуларын үйреніңіз, сәтсіздіктерге үлкен мән бермеуді үйретіңіз.

7. Немқұрайлы баға бермеңіз, ылғи да сүйемелдеп отырыңыз, жиі балаңызды шыдамдылығы мен жетістігі үшін мақтап отырыңыз.. Балаңызбен тіптен достық қарым – қатынас орнатуға тырысыңыз. 

 

Суицидтің алдын алу үшін ата – аналарға арналған кеңестер

1. Балаңызға өміріне қауіпті кездердегі әр түрлі көмек көрсету қызметтері жайлы айтыңыз.

 2. Өміріне қауіпті кезде пайдалана алатын телефон номірлерін де бергеніңіз артық болмайды.

3.  Балаңыздың жетістіктерін ғана емес, барлық қобалжу, қорқыныш, алаңдаушылықтарын да айтуын қадағалаңыз.

4. Қиын жағдайларда  балаңызбен мәселені бірлесе шешуге тырызыңыз.

5. Ең бастысы баланың үлгерімі мен  тәртібі туралы хабардар етіп отыратын адам- мұғалімімен әрқашанда байланыста болыңыз.

6. Жасөспірімнің әр түрлі мәселеге байланысты қойған сауалдарына жауапты көпке созбай беріңіз, әйтпесе ол сұраққа басқалар жауап беруі мүмкін екенін ұмытпаңыз

 Балаңыздың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға байланысты мәселелерді шешусіз қалдырмаңыз!

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *