1 Мамыр - Ынтымақ, Бірлік күні

Автор: admin от 4-05-2016, 10:37, көргендер: 481

0

Қазақстан халқының Бірлік күні қарсаңында колледж студенттері және қызметкерлері оқу орнының аймағына тазалау жұмыстарын жүргізді.     Мерекелі күндер  2016 жылғы 25 сәуірден  1,2 курс студенттері үшін «Күш бірлікте» жиынынан бастау алды.  Үйірмені  колледж кітапханашысы Қ.Есованың  жетекшілігімен «Ақпарат» үйірмесінің мүшелері әзірледі. Онда слайд көрсетілді, халық достығы бойынша өлеңдер оқылды, мерекенің шығуы туралы, Қазақстан халқының Ассамблеясы жөнінде мәлімет берілді.

25-мен 9 сәуірде колледж кітапханасында «Бірлік болса, тірлік болады» Қазақстан халқы тілдерінің әдеби шығармаларынан көрме ұйымдастырылды.

1, 2  топтарда сынып жетекшілері  келесі тақырыптарда: «1 Мамыр  - Ынтымақ, Бірлік күні», «В семье единой»,дөңгелек үстел,  «Одной мы связаны судьбой» сабақ конференция, «Единство Казахстана – в дружбе народов» поэзия кеші, «Татулық – достықтың киелі бесігі» тәлімгерлік сағатын өткізді.

1 мамырда колледж студенттері  Қазақстан халқының Бірлік күніне арналған Қалалық акция аясында жастар флеш-мобына қатынасты.  Колледждің педагогикалық және оқушылар ұжымы көрермен ретінде қатынасты.

 1 Мамыр - Ынтымақ, Бірлік күні

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *