Жалпы колледждік іс-шаралар

Автор: admin от 15-12-2016, 16:57, көргендер: 785

0

  Республикамыздың 25 жылдығына түрлі бағыттағы іс-шаралар жоспарланды.

2016 жылғы ақпан айында  «Фемида» құқықтық клубының жетекшісі Бабаева Н.З.

« Қазақстан Республикасындағы азаматтылық» кеңейілген отырысын өткізді.   Сәуір айында АӘД жетекшісі «Мемлекеттік және әскери нышандар» тақырыбында 1,2 курс студенттері арасында викторина өткізді.  2016 жылғы мамыр айындағы ұйымдастырылған « Мен Отанымды мақтан тұтамын» зерттеушілік жобасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналды.

 Колледж студенттері бойында  жұмысшы мамандықтарына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру мақсатында Кәсіптік декада аясында кәсіптік-техникалық білім беру, әлеуметтік серіктестер ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.   Колледж кітапханашысы  Қазақстан елінде тұратын халықтың ұлттық-қолданбалы заттарының көрмесі, «Қазақстан- достық мекені» әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. 2016 жылғы мамыр айында  «Есімде, мақтан тұтамын» патриоттық акция ұйымдастырылды.

 Тәуелсіздіктің 25 жылдығына спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды:  ұлттық ойындар, футболдан жарыс, күзгі кросс, тоғыз құмалақ, президенттік тест тапсыру.

Орыс тілі пәні оқытушысы Бахтиярова А. Ж. 2016 жылғы қыркүйек айында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына»  рефераттар конкурсын ұйымдастырды.   Колледж кітапханасында «Қазақстан- достық мекені» кітап көрмесі жұмыс істейді.   Тілдер мерекесін өткізу аясында Достық үйі өкілдерімен кездесу өтті.

 «Голос Экибастуза» газетінде Б.К.Актамбердинованың «Көптілділікзаман талабы мақаласы шықты«Алғашқы әскери даярлық»   журналында  А.Е. Исиннің «Әскери киім, камуфляжді киім»  мақаласы жарияланды.

         Іс-шараға 1, 2, 3 курс студенттері қамтылды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына коллежде 2 мен 15 желтоқсан аралығында педагог- тәрбиешілер іс-шаралар кешенін табысты ұйымдастырды. Кітапханада «Республиканың тәуелсіздік жылдарында» кітап көрмесі жұмыс істеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Сагынбекова А.Ж. және тарих пәні оқытушысы Есова К. А.  өз ашық сабақтарында тәуелсіздік жолынының кезеңдерін көрсете білді. 

25-летие

30 қарашадан бастап  фойеде республика тәуелсіздігіне арналған көрме істеді.  Көрме материалдарына колледждің маңызды даму кезеңдері, жұмыста, оқуда, қаланың, облыстың, республиканың қоғамдық және спорттық өміріне  жоғары нәтижелері бар педагогтардың, студенттердің  суреттері, сертификаттары, дипломдары енді.  

25-летие

Әсіресе 9 желтоқсан білім беру күні қарқынды өтті. Ол күн  «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз!» Қазақстан тарихының біріңғай сабағынан басталды, акт залында 1,2 курстардың студенттерімен өтті. 

25-летие

«Отаншыл» әскери-патриоттық клубының отырысын  Исин А. Е.  өткізді. 1, 2 курс «Тәуелсіздік тарихы» викторинасын  қазақ тілі пәні оқытушысы ұйымдастырды. Дене шынықтыру пәні оқытушысы Бейсекулова А. С. 1- курстың ұлдары арасында  «Қызықты старт» өткізді. 2-курс топтарында Якушев В. В.  баскетболдан блиц-турнир ұйымдастырды.  

25-летие

 16 ТО-3 тобында «Қазақстан- 25 жыл бейбітшілік және келісім» ашық  тәрбие сағаты өтілді.  Іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды.  Іс-шара түрлі ақпарат беру амалдарынан тұрды: слайд, бейне ролик көрсету,  викторина өткізу, топ студенттерінің орындауында өлеңдер оқылды, музыкалық шығармалар орындалды. 

25-летие

1,2 курстар топтарында 12 мен 15 желтоқсан аралығында атаулы күнге орай тәрбие іс-шаралары өтті. «Тәуелсіз елім Қазақстаным» 16 СД-2к  тобымен сынып жетекші Сагынбекова А.Ж. және өндірістік оқыту шебері Нургалиева Н.Ж., жетекшілігімен  жалпы колледждік іс-шара өтті. Іс-шарада патриоттық сипаттағы музыкалық және поэтикалық нөмірлер, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тарихынан көрініс көрсетілді. Барлығы слайд және бейне роликпен сүйемелденді. Іс-шарада «Восток» тобының қатысушылары колледж бітірушілері Герасимович Сергей және Михеевая Викторияның өнер көрсетуі ерекше болды. Сонымен қатар оқуда, жұмыста үздік көрсеткіштері бар колледж ұжымының мүшелері және студенттері марапатталды.  

25-летие


 

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *