Пәндер бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар

Автор: admin от 16-10-2017, 15:47, көргендер: 203

0

2017 жылғы 18 мен 22 қыркүйек аралығындағы кезеңде гуманитарлық циклдің пәндік апталығы өтті. Апталық тақырыбы: «Тіл–достық тірегі, тіл– халықты жақындастыруға мүмкіндік беретін ерекше құрал» .

18.09.2017ж.  «Тіл– достық және келісім  дәнекері»  тақырыбында гуманитарлық циклдің салтанатты ашылуы өтті. Жауапты Исина Д.А. Аптаның ашылуына 2-курстың 16ОП 4к тобының студенттері қатысты. Студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өнер көрсетті: өлеңдер оқыды, қоғамдағы интеграциялау үдерісіндегі көптілділік рөлі туралы айтты.

19.09.17 ж. Тіл пәндері оқытушылары Момынова Н.И., Бахтиярова А.Ж., Муратова Л.А. «Полиглот –заман талабы!»  қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша 17МЭ3к, 17СД4, 17ОП4к топтары арасында лингвистикалық марафон өткізді . Конкурс нәтижесі бойынша 1- орын  17СД4 тобы, 2- орын–17МЭ3к тобы, 3- орын–15 ОП4к тобы.

20.09.17ж. ағылшын тілі пәні оқытушысы Муратова Л.А.  1 және 2 курстар арасында «Тіл-халық жаны» мәнерлеп оқу конкурсын өткізді. Конкурс нәтижесі бойынша  1-  орын Тамашбай Муратбек (17МЭ3к), 2-орын- Шаферова Д.( 16ОП5кт), 3-орын -Масгутова С. (17ОП-5кт). Қалған қатысушылар колледж әкімшілігінен алғыс хаттарға ие болды.

    21.09.17ж.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Сагынбекова А. Ж.  «Бір ел- бір кітап» республикалық акция аясында С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған  әдеби кеш өткізді.

 Шығармашылық кеш қонақтары 17МЭ-3к, 17ОП-5к, 16 ОП-4к. тобының студенттері және  1С2к. тобының студенті  Айткулов А., болды. Іс-шарада электрондық презентациямен ақынның өмірі және шығармашылығы туралы мазмұнды ақпарат берілді,  слайд және музыканың сүйемелдеуімен өлеңдер оқылды. Іс-шара ақынның портреті және нақыл сөздерімен безендірілген. Іс-шара соңында колледж кітапханашысы Хасенова Г.Х  ақын туралы әдебиеттерден мәлімет берді.

22.09.17ж. Гуманитарлық цикл апталығының қорытынды кезеңі «Тіл- татулық тірегі» жалпы колледждік іс-шарасымен аяқталды. Іс-шараны орыс  тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, 17С1к тобының сынып жетекшісі А.Ж.Бахтиярованың және ө/о шебері М.Шабданованың  жетекшілігімен 17С1к тобы көмекші топ студенттері дайындады.  Жүргізушілер 3 тілде сөйледі. «Братство» этномәдени бірлестігінің өкілдері орыс тілінде әндер орындады, 1-курс студенттері қазақ, орыс, неміс және татар тілдерінде өлеңдер оқыды.  Іс-шарада колледж студенттері арасындағы мәнерлеп оқу конкурсының жеңімпаздары Тамашбай М. және  Масгутова С., қазақ және орыс тілдерінде өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

 

Пәндер бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар

2017 жылғы  қазанның 16-ы мен 20 аралығында жаратылыстану-математикалық циклдің пәндік апталығы өтті. 

16.10.17 ж. «Жаратылыстану-математикалық цикл ғылымының пайда болуы»  тақырыбында жиынның ашылуын  химия пәнінің оқытушысы Темирханова А.Р. 17ОП-5к  және  17СД-4 топ студенттерімен өткізді.

 17.10.17 ж.   «География білгірлері»  географиялық КВН-ды бірінші топтардың құрама топтарында  (17 МЭ-3к,17СД-4,17ОП-5к)  география пәнінің оқытушысы Есова К.А. өткізді.  Конкурс  6 турдан 3 команда «Восток» , «Ертіс» и «Сары Арқа» арасында өтті. 

19.10.16 ж.  «Теңіз шабуылы»  конкурстық ойынын 17СД-4  тобында  Абенова М.К.  өткізді.  Ойынға  «Вектор», «Пифагор»  және «Интеграл» 3 команда қатысты.

 20.10.17 ж.  17 СД-4 тобында   «Ақпараттық өрмек»  конкурсын  Увалиева С.З. өткізді.  Конкурстық ойынға  «Вирус» и «Антивирус» екі команда қатысты.

20.10.17 ж.  «Жас химик» химиядан зияткерлік ойынын  17ОП-4к, 16ОП-5к және 17МЭ -3к  топтарында Темирханова  А.Р .  өткізді. Ойын 6 кезеңнен тұрды: «Элементтерді сәйкестендіру», элементтерді  үш тілде білу, «Формула конкурсы», «Капитандар конкурсы», «Жұмбақ шеш»  және «Химиялық тілек».  Ойынға екі команда «Жас химик» және «Атом» қатысты. 

 

Пәндер бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар

 

2017 жылғы қарашаның 6-ы мен  10-ы аралығында кәсіптік цикл ө/о шеберлерінің және оқытушыларының ЦӘК әдістемелік апталығы өтті.

 06. 11.17 ж.  БМ-08 «Слесарлық іс» пәні бойынша 17МЭ-3к тобында «Металды егеулеу технологиясы» тақырыбы бойынша Алимханова Н.К., өткізді .

07.11.17ж.  17С-2 көмекші топта ашық сабақты Шабданова М.С. «Қара сылақ қабатын қалақшамен бетіне лақтыру» тақырыбы бойынша өткізді..

09.11.17 ж. 16С2 тобында теориялық оқыту сабағы  Абдалинова А. А. ПМ02 «Тас қалау жұмыстары технологиясы» пәнінен  «Қабырғада кірпіш қалау» тақырыбы бойынша өткізді.

10.11.17ж. 17 ТЭ7 тобында теориялық оқыту сабағын Маканова К.И.  ПМ04 «Жабдықтау» пәні бойынша, «Краны с жесткой подвесткой рабочего оборудования и одним гидронасосом» тақырыбында өткізді. Сабақтың басында көрсетілген  мамандықтың қажеттілігі туралы бейне материалдың  студенттер үшін тәрбиелік мәні зор болды.

10.11.17ж. 16ОП-4к  тобында теориялық оқыту сабағын  Кыдырмоллаева Л.К. «Тамақтандыру кәсіпорнын ұйымдстыру» пәні бойынша  «Өнім сапасын жақсарту жолдары және бракеражды ұйымдастыру» тақырыбында өткізді.  

Кәсіптік цикл ө/о шеберлерінің және оқытушыларының ЦӘК әдістемелік апталығының өткізілген сабақтары педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және арнайы пәндер бойынша студенттердің білім тереңдетуге септігін тигізді.  Барлық өткізілген ашық сабақтар колледждің 55 жылдық мерейтойына орайластырылды.

 

Пәндер бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар

 

Жалпы білім берушілік цикл оқытушыларының ЦӘК апталығы 2017 жылғы 4 желтоқсан мен 10 желтоқсан аралығында өтті.  Апта аясында 6 ашық сабақ өтілді.                                

          04.12.17ж. 17 МЭ 3к тобында «Лондон- Ұлыбритания астанасы» ағылшын тілінен ашық сабағын Муратова Л.А., өткізді. Сабақтың  тақырыбы өзектендірілген. Педагог топтық жұмыс түрін пайдаланған, бұл студенттердің өзара бақылау және ұжымдық жұмыс дағдысын қалыстастыруға септігін тигізді.  Сабақ көлемінде түрлі әдістемелік амалдар қолданды: өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, онлайн тапсырма. Танымдық қызметін жандандыру және тақырып бойынша білімдерін тереңдету мақсатында  электрондық нұсқада бай материал қолданды. Сабақта аудирования дағдысын дамыту үшін тапсырма шебер пайдаланылды. Әр тапсырма үшін берілген уақытты реттеуге және қорытындысын шығаруға ұсыныс берілді.

         5.12.17ж. 17 МЭ 3к тобында қазақ тілінен «Тілдік норма және стиль» тақырыбында ашық сабақты Момынова Н.И., өткізді. Сабақ жаңа материалды меңгерту түріне жатады.  Сабақтың мақсаты қойылды. Сабақтың басында үй тапсырмасын тест тапсырмасы және жаппай сұрау арқылы тексеріп өтті. Жаңа материалды меңгеруде педагог сөзжұмбақ шештірді, ол білім алушыларды өздіктерінен жаңа сабақтың міндеттерін қоюға жетеледі. Сабақ барысында түрлі әдістемелік амалдарды қолданды: жеке,  жаппай, топтық. Сабақ кезеңдерін қорытып отырды, тапсырмаларға уақытты реттеп отырды. Пәнаралық байланыс байқалды: Қазақстан тарихы, орыс тілі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік қарсаңында бейне материал көрсету арқылы тәрбиелік сәттерін жүзеге асыра және тақырыппен байланыстыра білді.  Студенттер жобалық қызметті іскер пайдаланды. Сабақ құрылымы сақталған.  Сабақ әдістері және құралдары сабақ мақсаттарына сәйкестендірілген және сабақтың барлық кезеңінде білім алушылардың танымдық қызметін жандандыруға әсер етті. Жекелеген білім алушыларды жұмысқа тарту ұсынылды.

       5.12.17ж  17 СД-4 тобында  «Ом Заңы» тақырыбы бойынша (физика+электротехника)  біріктіріліген сабақты Абенова М.К. және  Шуликина Т.В., өткізді. Сабақ модульдік бағдарлама негізінде құрылды. Осы тақырыпқа байланысты дағды және іскерліктерін қалыптастыратын, оқу материалын еске сақтайтын, тез қабылдайтын өзара байланысты мақсаттар және міндеттер қойылды. Қойылған міндеттерді іске асыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қолданылған, сабақ құрылымын тиімді бөлген.  Кезеңдер арасындағы байланыс логикалық дұрыс ойластырылған. Сабақ педагогтың кіріспе сөзінен басталды.  Білім өзектілігі сабақ көлемінде іске асырылды Барлық дидактикалық міндеттер орындалған.  Сабақ қарқынды өтті. Теориялық және практикалық бөлігі тығыз байланыста болды. Екі педагогтың ынтымақтастығы бірі- бірін кезектесе алмастыру арқылы іске асырылды. Мультимедиялық құралмен жұмыс ережесін сақтауға ұсыныс берілді.

       07.12.17ж.  Орыс әдебиетінен  17 СД-4 тобында «Адам өмірінің маңызы» (А.М.Горькийдің «Старуха Изергиль шығармасынан)  тақырыбы бойынша орыс әдебиетінен Бахтиярова А.Ж., өткізді.  Сабақ тұрпаты және құрылымы қойылған мақсатқа және жеке қабілеттеріне сәйкес болды.  Сабақ бойында Алмагуль Жулатовна өзін сауатты педагог ретінде көрсетті. Педагогтың хабарлама материалы  білім алушылардың білімдеріне сәйкес таңдап алынды. Педагог сабақ басында  сараптамалық топ, жобалық қызмет арқылы өнімді топтық жұмысын жасады.  Студенттердің белсенділігі жандандырылған диалог, студенттердің сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған түрлі тапсырмалар, эстетикалық мәнер, салыстыру және талдау дағдысының арқасында көрсетілді. Сабақ барысында бай электронды материал қолданылды. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде студенттердің психологиялық жағынан ұжымдасуына көңіл бөлу ұсынылды.  

    07.12.17ж. 16 ОП 5к тобында  «Жаңа Зеландияның саяси жүйесі» тақырыбы бойынша ағылшын тілінен  ашық сабақты  Исина Д.А. өткізді.  Сабақ тұрпаты біріктірілген. Сабақ қойылған мақсатқа сәйкес. Сабақта жеке және топтық жұмыс түрлері қолданылды. Өткен материалдың жаңамен байланысы байқалады.  Сабақтың басында өткен тақырып бойынша студенттерден жаппай сұраумен басталды, сол кезде Жаңа Зеландияның картасы және тақырып бойынша презентация қолданылды. Материалды толық меңгеру үшін ойын технологиясы қолданылды, бұл білім алушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. Материалды меңгеруді бақылау тест тапсырмалары және өзара бақылау арқылы іске асырылды. Студенттердің ауызша жауап беру белсендігіне көңіл аудару ұсынылды.

      08.12.17ж. 17 СД-4 тобында «Таблица қою, таблицаны редакциялау» тақырыбы бойынша информатикадан ашық сабақты Увалиева С.З., өткізді. Сабақтың құрылымы әдістемелік талаптарға сәйкес. Сабақ кезеңдері қатаң шектелген және жүйелі, өзін-өзі бағалаумен және уақтты реттеумен ұласқан. Теориялық бөлігінде Саулеш Зейнулаевна логикалық ойлауды дамытуға әсер ететін тапсырмалар қолданды. Сонымен қатар аудио және бейне материал пайдаланған. Жаңа тақырыпқа шығу үшін қызықты амал қолданған. Пәнаралық байланыс кеңінен байқалады және слесарлық іспен тығыз біріктірілген, оны арнайы пән оқытушысы Шуликина Т.В., компьютерде практикалық тапысырманы орындау үшін тапсырмаларды жеткізе білуінен көруге болады.  Сабақ лайықты әдістемелік деңгейде өтті. Сабаққа үштілділік енгізді. Оқушылардың ағылшын терминдерін айту дұрыстығына көңіл аудару ұсынылды.

 Шешім: Әдістемелік апталық аясында өткізілген сабақтар студенттердің жалпы білім берушілік пәндер бойынша білімдерін тереңдетуге, ой-өрістерін кеңейтуге және оқылатын пәндерге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізді.

 

Кәсіптік пәндердің ашық сабақтары 2017 жылғы желтоқсанда өтті. 4 өндірістік және 1 теориялық оқыту сабағы өткізілді.

    5.12.17ж.  «Ом заңы» тақырыбы бойынша ашық біріктірілген сабақты (электротехника+физика) 17СД-4 тобында  Шуликина Т.В. және Абенова М.К. өткізді. Сабақ модульдік бағдарлама негізінде құрылған.  Осы тақырыпқа байланысты іскерлік және дағдыны қалыптастыратын, оқу материалын есте сақтауды қамтамасыз ететін өзара мақсат және міндеттер қойылды.

26.12.17ж.  «Металды түзеу және ию» тақырыбы бойынша  ашық сабақты  17СД-4  тобында Абетова Г.П.  өткізді.

27.12.17ж. 17СД-4 тобында «Металды егелеу» тақырыбы бойынша өндірістік оқытудан ашық сабақты Золотухина С.Н., өткізді.

28.12.17ж. 17 СД-4 тобында «Металды шабу» тақырыбы бойынша ашық өндірістік сабақты «Металды шабу» тақырыбы бойынша Никифорова Е.Г., өткізді.  

 28.12.17ж.  17С-2 ашық сабағын   Нургалиева Н.Ж. «Үшреттік қатар жүйесі бойынша байлау бағаналарын қалау» тақырыбында өткізді.


2018 жылғы 12 мен 23 ақпан аралығында колледжде кәсіптік декада өтті.

Колледж фойесінде жиынды 1 және 2 курстар студенттерімен  Сейтимбетова Г.Т. және Бисенова Ж.М. жетекшілік ете отырып, салтанатты түрде ашты. Онда студенттер әр мамандықтың маңыздылығы туралы айтып өтті.

«Мамандық бойынша үздік» кәсіптік шеберлік конкурсы, «Үздік тас қалаушы» конкурсы, «Тапқыр дәнекерлеуші»   сайысы, «Көңілді сылақшы» конкурсы,  «Дәнекерлеушінің көркемді шеберханасы» іс-шарасы, «Үздік пісіруші»  сайысы, «Кулинарлық жекпе-жек »  шебер – классы өткізілді.

 «Үздік дәнекерлеуші»  қалалық конкурсын  біздің және тау-кен колледжі арасында өткізілді. Нәтижесінде  бас жүлде Тезекбай Мирас (43 б.), Турпан Б.-1 место (45б.), Осиет Маргулан- 2 место (41) , Алшимбаев Р.-3 место (39б).

Декаданың аяқталуына орай «Шығармашылық идеялар жәрмеңкесі» өткізілді, онда студенттер әзірлеген шығармашылық өнімдер қойылды. 1, 2 және 3 курс студенттері өз қолдарынан шыққан өнімдерін сатылымға қойды.  

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *