Психологиялық диагностика

Автор: admin от 27-04-2012, 15:36, Көргендер: 29799

0

Бірінші, екінші және үшінші курс оқушылары үшін оқу тобының ұжымында психологиялық ақпарат алу мақсатында топтық және жеке психодиагностикалық зерттеулер өткізіледі, оңтайлы психологиялық хал-ахуалды құру үшін оқушылардың әлеуметтік- психологиялық және кәсіби беделі жүйелі бақыланып отырады.
Психологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша оқушылармен топтық және жеке консультациялар өткізіледі, қабілеттерін дамытуға, өздерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.
Диагностика нәтижесі бойынша оқушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отыру бойынша педагогтарға, топ курраторларына, өндірістік оқыту шеберлеріне, тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыныстар беріледі.
Оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың, әкімшіліктің өздерінің сұраныстары бойынша оқушылармен жеке диагностика өткізіледі.

1 курс бейімделу:
Кондаш бойынша алаңдаушылық деңгейінің сауалнамасы

kondash.doc [59 Kb]
Басса-Дарки сауалнамасы

bassa-darki.doc [102,5 Kb]
Спилберг-Андреев «Оқуға ынтаның және оқуға деген көңіл-күйдің диагностикасы» әдістемесі

motivaciya-2011-12.doc [85 Kb]
2 курс.
КҰҚ (коммуникативті ұйымдастырушылық қабілеттер) әдістемесі сауалнама

kos.doc [53 Kb]
Тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін айқындау үшін әдістеме

metodika-vyyavleniya-tipologicheskih-ossobennostey-lichnosti.doc [28 Kb]
Коммуникативті бақылау әдістемесі

metodika-kommunikativnogo-kontrolya.doc [34,5 Kb]

Санат: ---

 

Суицидтың алдын алу

Автор: admin от 27-04-2012, 14:55, Көргендер: 20489

0

Колледжде суицидтің алдын алуда келесі іс-шаралар өтеді:
1. 1- курс оқушыларының тұлғалық қабілеттері мәліметтер блогі құрылды.
2. Әр оқушының әлеуметтік беделін анықтау мақсатында және ұжымның психологиялық хал-ахуалын зерттеуде топтарда өзара қарым-қатынас құрылымын социометриялық зерттеу.
3. Зерттеу нәтижесі бойынша сынып жетекшілермен семинар өткізілді және жеке коррекциялық жұмыс қажет топ оқушылары анықталды.
4. Конфликт жағдайында әсер ету амалдарына, эмоциональды жағдайды реттеуге бағытталған тренингтер әзірленді және жүргізілуде.
7. Пайда болған мәселелер бойынша ата-аналармен, сынып жетекшілер, оқушылармен жеке консультациялар өткізілді.
8. Оқушыларды психологиялық- педагогикалық қолдау мақсатында диагностикалық іс-шара .
Өткізілген зерттеулер нәтижесі бойынша келесі көрсеткіштер айқындалды:

Суицидтың алдын алу

64,7%- оқушылар, келеңсіз жағдайларды өз қалпында қабылдайды, өз рухани тепе-теңдігін сақтайды, кек сақтамайды.
35,3 % - оқушы, олар тағдыр тауқыметіне шыдай бермейді. Олар мәселе туындаса көңілсізденеді, немесе іштен тынады және басқа адамдарды ренжітеді.
Кризистік жағдайлар болатын сала
Отбасы- 30,8 %
Лицей- 24,8 %
Көше- 28,7%
Достар- 15,8 %
Отбасындағы кризисті жағдайдың жоғары көрсеткіші 30,8% онымен қатар лицейдегі проблемалар 24,8% және көшеде 28,7% ; 15,8% достар. Қыздар білім алатын топтардағы эмоциональды тұрақсыздыққа бой алдыратындар көрсеткіші 71 %-ға дейін.

Санат: ---

 

Тренингтер

Автор: admin от 27-04-2012, 14:43, Көргендер: 20270

0

Профилактикалық жұмыс – оңтайлы бағдарланған өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және олқылы әркеттерді жасамауға итермелейтін оқушылардың психологиялық қалпына мақсат етілген лицейдің тәрбие жұмысы жүйесінің орталық буыны.
Жеке және топтық консультациялар, жеке түзеу сабақтары, тренингтер өткізіледі. Өткізіліп жүрген диагностикалар нәтижелері қарастырылады және өздігенен даму және өзін-өзі жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі, адамгершілік- жыныстық тәрбиесі мәселесі, тиімді қарым-қатынас және өзара әрекет ету, конфликт жағдайлар, суицидальды мінез-құлықтың алдын алу бойынша сұрақтар қарастырылады.
Қиыншылықтары бар оқушыларды айқындау және есепке қою жүйесі жұмысы ретке қойылған. Олармен жұмыстың интерактивті нысандарын қолдана отырып жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі.

Тренингтер

Өзін-өзі бағалау жаттығулары
uprazhneniya-dlya-samoocenki.doc [123,5 Kb]

15 ОП-4 тобында  «Бірлесе өмір сүрейік» атты  тренинг өткізілді. Тренингке студенттер қызығушылықпен  қатысты. Студенттерге  өмірлік мәнін түсіну үшін және өзін – өзі қабылдауды түзету үшін «Тырбиған ағаш» атты психотерапиялық ертегісі оқылды. «Тек қана алға» видеобейне көрсетілді. Студенттерге «Сезімдер», «Достық»жаттығулары және «Жаңа көйлек» релаксациялық жаттығуы өткізілді.


Санат: ---

 
Артқа Алға