С праздником Наурыз!

Автор: admin от 20-03-2018, 09:40, Көргендер: 26

0

Наурыз мерекесі бойынша іс-шаралар 20 наурыздан бастап 30 сәуір аралығында өтті. Іс-шара 1,3 курстар топтарының ауыл болып бөлініп, жарысқа түсуінен басталды. Оқу кабинеттері және рекреация  бір күнге қазақтардың ұлттық мерекелеу орнына айналды.  Ұлттық тағамдармен дастархан жайылды.  Ұлттық киімдердегі студенттер қазақ ұлттық ойындарына, би және музыкалық ән сайыстарына, салт-дәстүр қойылымдарына қатысты. 17 ОП-5к қыздар тобы белсене қатысып, шығармашылықтарын  жан-жақты көрсете білді.  21 наурызда  колледж ұжымы ең үздік салт-дәстүр көрсетуден конкурсқа қатысты. 22  наурызда қалалық алаңда  колледж қайырымдылық ұлттық тағамдар таратуға қатысты. Қазақ тілінде білім алатын 1,3 курстар топтарында  27 наурызда  Кыдырмоллаева Л. К. және Нурекешова С. А. «Салт дәстүріміз –байлағымыз» ұлттық салт-дәстүрден  көрсетілім қойды. Атап айтсақ,  «Тұсау кесу», «Бесікке салу», «Беташар» көрсетілді. 27 наурызда  «Арқан тарту», «Асық ату» қазақтың спорттық ойындары өткізілді. Бұл жолы бірінші курстардан 17 МЭ-3к тобы жеңімпаз атанды. Орыс тілінде білім алатын топтарда  қазақ тілі пәні оқытушысы Сагынбекова А. Ж. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» ойын-викторинасын өткізді. Викторина сұрақтары мереке тарихы, ұлттық тағамдар және ойындармен байланысты болды. 3 сәуірде  17 ОП-6 тобының қыздары 17 ТО-7 тобының ұлдарын  «Қош келдің, Наурыз!» атты дастархан басына шақырды, онда қыздар қонақтарына өз кулинарлық мүмкіндіктерін көрсетті. Алдымызда  1-курста ойын-сауық кеші және көмекші топтар студенттері арасында ойын жарыстары және ең үздік бауырсақ конкурсы өтетін болады.

С праздником Наурыз!
С праздником Наурыз!
С праздником Наурыз!
С праздником Наурыз!

Санат: ---