Ашық есік күндері

Автор: admin от 20-04-2018, 15:51, Көргендер: 461

0

   20 сәуірде  «Екібастұз құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК-да мемлекеттік тілде білім алатын қаланың 9-сыныптары үшін Ашық есік күндері өтті. Колледж фойесінде студенттердің техникалық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.  Үгіт бригадасы қатысушылары оқушыларға студент өмірі, оқу орнының тарихы туралы мәлімет берді.  Мамандық маңыздылығы және өзара серіктестік туралы ЖК директоры  Сейсенбаев Е.М. айтып өтті. Саяхат кезінде тоғызыншы сынып оқушыларына оқу кабинеттері, өндірістік шеберханалар көрсетілді. Іс-шара оқушылардың  колледжде білім алуға қызығушылығын арттыруға септігін тигізді.  

Санат: ---