«Оқушылық жобадан кәсіби құзыреттілікке дейін»

Автор: admin от 21-05-2018, 15:12, Көргендер: 314

0

Екібастұз құрылыс –техникалық колледжі жыл сайын «Оқушылық жобадан кәсіби құзыреттілікке дейін» атты колледжішілік ғылыми-практикалық конференциясын өткізіп келуде. Осы жылы VI ғылыми-практикалық конференция өтілді, осы конференцияға Жастар Бастамалары Дамыту орталығының директоры Карагасекова Марал Гайсановна, және Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп түлектерін шақырдық. Әділ- қазылар алқасы Карагасекова Марал Гайсановна және Алғашқы Әскери Дайындық оқытушысы Исин А.Е. болды. Конференцияға халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жобаларда жүлделі орындарға ие болған, қатысқан оқушылар өздерінің ізденістерін көрсеткен болатын. Атап өтетін болсақ 1курс студенттері: Мырзахан Роза (17ОП-5к) ,Масгутова Сабина(17ОП-5к), Ибадулда Аружан(17ОП-5к), Джунусов Ануар(17МЭ-3к), Тогаев Александр (17СД-4), Насыров Рафаэль (17СД-4),Гаврилов Эдуард (17СД-4), Құдайберген Мағжан(17С-1к), Аймантай Камила(16ОП-4к) Кадырова Динара (17ОП-6) қатысты. Студенттеріміз ғылыми жобаларын, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Келген қонақтарымыз осы конференциядан үлкен әсер алды. Біздің оқушылардың білімдеріне, өнерлеріне тамсанып қайтты.

 «Оқушылық жобадан кәсіби құзыреттілікке дейін»

Санат: ---

 

« Өндірістік оқытудың үздік шебері » атты облыстық конкурсы өтті

Автор: admin от 21-05-2018, 13:00, Көргендер: 10

0

2018 жылдың 19 мамыр күні Павлодар монтаж колледжінің базасында «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша « Өндірістік оқытудың үздік шебері » атты  облыстық конкурсы өтті. Конкурста өндірістік оқыту шебері  Абдалинова А.А. жүлделі 1 орынға ие болды, оған бағалы сыйлық  табысталды. 

« Өндірістік оқытудың үздік шебері » атты  облыстық конкурсы өтті
                                                                                    

Санат: ---