Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы

Автор: admin от 26-04-2012, 14:11, көргендер: 16808

0
Негізгі мәтін


«Екібастұз құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК « Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша даярлық үш бағытта жүргізіледі:
- аспаз мамандығы бойынша 11 сыныптар базасында даярлық, оқыту мерзімі 10 ай
-оқыту мерзімі 3 ай, талап етілмейтін мамандығы бар жұмыссыздар үшін аспаз мамандығы бойынша қайта даярлық
- оқыту мерзімі 3 ай, сылақшы-сырлаушы мамандығы бойынша біліктілігін арттыру
Оқытуды ұйымдастыру ережесіне сәйкес колледжде барлық жағдайлар жасалған. Колледжде сапалы даярлық үшін материалдық жағынан қамтамасыз етілген: кабинеттер, шеберханалар, қажет материалдар. Аспаз мамандығы бойынша оқушылар санитарлық кітапшасымен медициналық тексерістен өтеді, бұл тәжірибе және жұмысқа орналасу үшін қажет.
Сылақшы-сырлаушы мамандығы бойынша оқушылар кәсіптік даярлықты колледж базасында өтеді. Аспаз мамандығы бойынша оқушылар тәжірибе өтуге «Шаңырақ» мейрамханасына, «Каприз» кафесіне жіберіледі.
Оқушыларға әр оқыған айы үшін, аралық аттестаттауды табысты тапсырғандығы үшін шәкіртақы беріледі. Қалалықтар емес үшін тұрғын үйді жалдағаны үшін өтемақы ұсынылады.
1 қыркүйектен бастап 1201000 Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету мамандығы бойынша жөндеуші және В,С санаты жүргізушісі біліктілігі бойынша даярлық басталады.

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *