Кәсіптік тәжірибе

Автор: admin от 28-04-2012, 14:13, көргендер: 19821

0

Студенттер өндірістік тәжірибені келесі кәсіпорындарда өтеді: «Богатырь-Комир» ЖШС , «Технокомплектмонтаж» ЖШС, «Казмонтажсервис» ЖШС , «Коровкин ЭК» ЖШС, «Тамыр» ЖШС, «Вершина» ЖШС, қаланың коммуналды қызметтерінде.
Жұмысқа орналасу 100% құрайды, бітірушілер көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс істейді ( РГТО зауыты , «Богатырь-Комир» ЖШС, «Технокомплектмонтаж» ЖШС, «Казмонтажсервис» ЖШС), құрылыс ұйымдарында ( «Ремстрой» ЖШС, «Стандарт» ЖШС, "ЖБИ" зауыты), өнеркәсіпте ( "Экибастузтеплоэнергомонтаж" ЖШС, "Экибастузспецстрой" ЖШС, «Karaganda BI Energi» ЖШС, «Аверс трейд компани» ЖШС, «Вершина» ЖШС).

Кәсіптік тәжірибе
Ең алдымен қауіпсіздік!
Кәсіптік тәжірибе
Көріктендіру
Кәсіптік тәжірибе
Пісіру цехы
Кәсіптік тәжірибе

 

Автослесарлар

1201000 Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету екі біліктілік бойынша жүзеге асады: жөндеуші және «В», «С» санатының жүргізушісі. Даярлық екі тілде жүргізіледі.
1 курс оқушылары өндірістік оқытуды колледж базасында өтеді. Кәсіби даярлық үшін ЖЖЕ кабинеті, слесарлық шеберхана, автослесарлық жұмыстар зертханасы бар. Жүргізу сабақтары үшін ГАЗ-52 жүк автомобилі және УАЗ , NEXI жеңіл көліктері бар. Оқушылар өндірістік тәжірибені өзіндік автотұрақтары бар ірі кәсіпорындарында өтеді ( «Богатырь-Комир» ЖШС, «Ремстрой» ЖШС), сонымен қатар арнайы кәсіпорындарда: "АТП Автосервис" ЖШС, «Колодюк» ЖК «Алтай» ТҚС, филиал "Иртыш-Лада "Жигули" ТҚС, «Нар-Транс» ЖШС, "Автоланд" ЖШС "Жумабекова" ЖК;
Бұл мамандық еңбек нарқында қажет. Жыл сайын үлкен кәсіпорындар «Богатырь-Комир» ЖШС 10 нан 15 дейін жүргізушілерді даярлауға тапсырыс береді. Жүргізушілер «Маис» ЖШС, «Нар-транс» ЖШС автокөлік кәсіпорындарында қажет. Сонымен қатар бітірушілерді қаланың шағын және үлкен қалалар ТҚС-да тосып отыр. Бітірушілердің жұмысқа орналасуы 100% құрайды.

 

Кәсіптік тәжірибе
1. Студенттер өндірістік тәжірибеде
Кәсіптік тәжірибе
2. Қолымыздан бәрі келеді.
Аспаздар

0508000 тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша оқыту екі біліктілік бойынша жүргізіледі: аспаз және кондитер. Даярлық қазақ тілінде өтеді.
1 курс оқушылары өндірістік оқытуды колледж базасында өтеді. Кәсіби даярлық үшін арнаулы технология кабинеті, тағам дайындау зертханасы бар. Студенттер өндірістік тәжірибені кәсіпорындарда өтеді: «Богатырь-Комир» ЖШС , жалпы білім берушілік мектеп ,бала-бақша, «Шаңырақ» мейрамханасында, «Березка» кондитерлік цехынде, «Наурыз», мейрамханасында, «Думан» кафесінде. Бұл мамандық еңбек нарқында қажет. Бітірушілердің 60%- ы тәжірибе өткен жерлерінде жұмыс істеуге қалады. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру 100%.

Кәсіптік тәжірибе
Дипломалды тәжірибеден кейін «Шаңырақ» мейрамханасына тұрақты жұмысқа орналасу
Кәсіптік тәжірибе
Колледж асханасында өндірістік оқыту

 

Көркемдік-әсемдеу жұмыстарын жүргізуші

040200 Дизайн мамандығында Көркемдік-әсемдеу жұмыстарын жүргізуші біліктілігі бойынша даярлық жүргізіледі. Кәсіби даярлық үшін арнаулы технология кабинеті, көркем шеберханасы бар. Оқушылар көркемдік-әсемдеу жұмыстарын, сурет және кескіндеме, компьютерлік графиканы, қолданбалы өнерді, жарнаманы оқып үйренеді.
Студенттер өндірістік тәжірибені «Өнер» Мәдениет Орталығында, бала-бақшаларда, жарнама агенттіктерінде өтеді.
Оқыту аяқталған соң бітірушілер ЖОО-да «Дизайн» мамандығы бойынша оқуларын жалғастыра алады. Бітірушілер "Hanamade", «Көркем», "Полиграф-стиль" ЖШС-не, «Өнер» МО-на, бала-бақшаларға, сауда үйлеріне жұмысқа орналасады.

 

Кәсіптік тәжірибе
курстағы өндірістік оқыту сабағы
Кәсіптік тәжірибе
«Көркем» агенттігіндегі жарнама агенттігінің өндірістік тәжірибесі

 

Құрылысшылар

1401000 Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану мамандығы бойынша оқыту тас қалаушы, балташы, каркасты-қаптамалы құрылым монтажшысы, сылақшы, сырлаушы, қаптаушы- тақтайшы біліктіліктері бойынша жүргізіледі. Даярлық орыс және қазақ тілдерінде өтеді.
Осы біліктіліктер бойынша даярлық үшін колледжі құрылыс пәні кабинеті , өңдеу жұмыстары шеберханасы, тас қалау жұмыстары шеберханасы, ағашты қолмен өңдеу шеберханасы, ағашты механикалық өңдеу шеберханасы бар. Оқыту үшін заманауи материалдар және құрал-саймандар пайдаланылады.
1 курста өндірістік оқытуды колледж базасында тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері жүргізеді.
Өндірістік тәжірибені өту үшін колледж қаланың және аймақтың құрылыс кәсіпорындарымен келісімшартқа отырады. Жыл сайын 2-3 курс оқушылары тәжірибені келесі кәсіпорындарда өтеді: «Ремстрой» ЖШС, «Стандарт» ЖШС, «Вершина» ЖШС, «Индустрия» ЖШС, «Империя-Ариадна» ЖШС. Колледж оқушылары қала және ауданның әлеуметтік маңызды объектілерінде құрылысқа қатынасты: Шідерті кентіндегі орта мектеп, Баянауыл кентіндегі орта мектеп, Екібастұз қ №3 поликлиникасы, Екібастұз қ орталық әмбебап дүкені, Екібастұз қ тұрғын үйлері. Сонымен қатар оқушылар бала-бақшаны, жатақхананы, Орталық нарық сауда бутиктерінің құрылыстарын қайта қалпына келтіруге қатынасты.
Бұл мамандықтар бойынша барлық біліктіліктер Екібастұз қаласында аса қажет мамандықтар болып табылады. Көптеген оқушылар қазіргі уақытта Астана қаласында жұмыс істеуде. Қазіргі таңда тас қалаушы, сылақшы мамандықтары бойынша жұмысшылар жетіспейді.

 

Кәсіптік тәжірибе
Шебер Колосова О.И. өндірістік оқыту сабағын өткізуде
Кәсіптік тәжірибе

Шеберлер Колосова О.И. және Михейлис С.И. сылаққа ағаш беттерді дайындауға үйренуде
 

ЭГД

1114000 Пісіру ісі мамандығы бойынша оқыту электргазбендәнекерлеуші біліктілігі бойынша жүргізіледі. Даярлық қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Теориялық даярлық үшін қазақ және орыс тілдерінде білім алатын топтар үшін 2 арнаулы технология кабинеті бар.
1 курс оқушылары кәсіби даярлықты колледждің слесарлық және пісіру шеберханаларында өтеді.
Оқушылар өндірістік тәжірибені қала кәсіпорындары :«Богатырь-Комир» ЖШС-де, «Технокомплектмонтаж» ЖШС-де, «Казмонтажсервис» ЖШС , «Коровкин ЭК» ЖШС, «Тамыр» ЖШС, «Вершина» ЖШС және басқа кәсіпорындарда өтеді.
Электргазбендәнекерлеуші мамандығы экономиканың барлық саласында қажет. Біздің бітірушілер көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында жұмыс істейді : ( РГТО зауыты «Богытырь-Комир» ЖШС, «Технокомплектмонтаж» ЖШС, «Казмонтажсервис» ЖШС), құрылыс ұйымдарында ( «Ремстрой» ЖШС, «Стандарт» ЖШС, "ЖБИ" зауыты), өнеркәсіпте ( "Экибастузтеплоэнергомонтаж" ЖШС, «Karaganda BI Energi» ЖШС, «Аверс трейд компани» ЖШС, «Вершина»ЖШС). Бітірушілердің жұмысқа орналасуы 100% құрайды.

 

Кәсіптік тәжірибе
Пісіру цехында нұсқауды облыстық кәсіптік шеберлік конкурсының жүлдегері
Кәсіптік тәжірибе
Рейда Т.Н. жүргізуде
Кәсіптік тәжірибе
Жұмыс басталар алдындағы бірінші курстағыларға соңғы кеңестер
Электрмендәнекерлеу – бұл өте әдемі, бірақ көзілдіріксіз көру қауіпті.
Кәсіптік тәжірибе
Пісіруші жұмыс алдында егеумен жұмыс істеуді үйренуі тиіс.

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *