«WorldSkills Kazakhstan – Pavlodar – 2018»

Автор: admin от 28-03-2018, 16:19, көргендер: 128

0

2018 жылғы 26 наурызда Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінің базасында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan – Pavlodar – 2018» аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионат екі модуль бойынша өткізілді:

1 Модуль : Гипсті құрылыс тақтайшасымен қаптай отыра металл каркасты орнату 

2 Модуль :  Жіктер  және бұрыштарды бітей отыра мәрелік сылақтау;

Конкурсқа   Павлодар құрылыс және коммуналды шаруашылық колледжі, Павлодар монтаждау колледжі, Екібастұз политехникалық, колледжі, Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі  студенттері қатысты.

Әділ қазылар құрамына Павлодар облысының өндіріс саласының өкілдері – әлеуметтік серіктестері енді:  

 «Империя- Ариадна»ЖШС директоры Ермакова Елена Витальевна, «КМС- групп» ЖШС  директоры Абиев Кайрат, ЖК Баймулдина Рымжан Молдыбаевна.

Конкурс қорытындысы бойынша Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжінінің студенті Тлеубеков Джамбул 1-орын иегері,  Екібастұз политехникалық колледжінің студенті Кимаш Алексей Валерьевич 2-орын иегері, Павлодар құрылыс және коммуналды шаруашылық колледжінің студенті Субач  Михаил  Витальевич 3-орын иегері атанды.

 

«WorldSkills Kazakhstan – Pavlodar – 2018»

 

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *