Кәсіптік-еңбек тәрбиесі

Автор: admin от 28-09-2016, 15:44, көргендер: 21133

0

Кәсіптік-еңбек тәрбиесі

Сенімділігін арттыру және таңдаған мамандығының дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін жаңадан келген оқушыларға бейімделу кезеңінде колледж әкімшілігі, педагогтар, психолог әлеуметтік-психологиялық демеушілік білдіреді. Бірінші курс оқушылары үшін қаланың құрылыс кәсіпорындарына саяхаттар ұйымдастырылады, жоғары білікті мамандар оқу шеберханаларында мамандықты үйретеді. Оқушылардың кәсіби өсу ұмтылысын қалыптастыру мақсатында колледжде кәсіптік шеберлік аясында кәсіптік шеберлік конкурстары өтіледі. Конкурс жүлдегерлері ақшалай сыйақымен марапатталады.

Кәсіптік-еңбек тәрбиесі

колледжі оқушылары облыстық кәсіптік шеберлік конкурстарына қатынасады. Педагогтар қаланың жалпы орта мектептерінің 9 сыныптарын , ақпарат құралдарын шақыра отырып мамандық беделін арттыруға бағытталған топтық іс-шаралар әзірлейді. Жарнама буклеттерін, бейне материалдарды пайдалана отырып, жарнама және үгіт жұмысы ЖОМ-де сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында жүргізіледі.
Қала мектептерінің 9 сыныптары үшін ашық есік күндері лицей бойынша саяхат, баспа жарнама материалын тарату, бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып оқушылар күшімен қойылған концертті қамтиды.

Кәсіптік-еңбек тәрбиесі

Мамандық тұсаукесері
prezentaci-povar.rar [8,46 Kb]
Қазақстан болашағы - жастардың қолында

 

«Кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлерінің күні қарсаңында»

Еңбек күні мерекесінің негізгі мақсаты-  – еңбек өнімділігіне ынталандыру, жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау және елбасының жалпыға ортақ еңбек қоғамы бойынша идеясы аясында көп жылдық жұмысшылар династиясын нығайту.

Қазақстанда Еңбек күнінің біздің кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлі күнімен қатарлас келуі қуанышты. Бұл  жоспар бойынша өткізілген іс-шаралар колледж студенттерінің олардың таңдаған жұмыс мамандықтарына қызығушылығын арттыруға бағытталған.

ЕҚТК-дегі мамандықтар көлемі жан-жақты қамтылды деп атап өтуге болады. «Электргазымендәнекерлеуші» мамандығы бойынша білім алатын студенттер, "Котлосервис - ЭК" ЖШС директоры Ю.Б.Коровкинмен кездесу ұйымдастырды.  Дөңгелек үстел өткізу үшін «аспазшылар»  "Богатырь Комир" ЖШС директоры  Киселева И. В.  шақырды. Ал, «автослесарьлармен» «Жоламан -ЭК»  ЖШС директоры Абдрахманов  А. К. кездесті. Солардың ішіндегі  қонақтардың айтуынша, «Училище қабырғасынан» атты ұйымдастырылған дөңгелек үстел қарқынды өтті. Оған бітірушілер Ермакова Е. В. - «Империя Ариадна» ЖШС директоры, колледждің өндірістік оқыту шеберлері Попова О. Г., Абдалинова А. А., Кучкина М. В. келді. Бұлардың бәрі «үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығының көрнекті өкілдері болып табылады. 1,2 курс студенттері үшін  қала кәсіпорындарына: «Алиот- Сервис» ЖШС, «ПромМашКомплект» ЖШС,  «Партнер – Плюс» ЖШС, «Сервис-центр «Легенда» ЖШС, «Вершина»  ЖШС-не саяхаттар ұйымдастырылды.  

 

Кәсіптік-еңбек тәрбиесі

 

Біздің оқу орны қабырғасынан зейнеткерлікке шыққан кәсіптік-техникалық білім беру ардагерлері де ұмыт қалған жоқ.  Қарттар күнімен құттықтаумен қатар кәсіптік-техникалық білім беру қызметкерлерінің күні және мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиынға шақыру ұйымдастырылды. Біздің зейнеткерлер колледж студенттері және өз әріптестерімен қуана-қуана кездеседі. Сол арқылы өзіндік кәсіптік және педагогикалық тәжірибесін таратады.

Барлық ұйымдастырылған іс-шаралар  жоғары деңгейде өтті. 



Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *