Оқушыларды әлеуметтік қамтамасыз ету

Автор: admin от 27-04-2012, 13:58, көргендер: 14906

0

Барлық оқушылар бюджеттік негізде тамақтанады, бір реттік тамақтану құны 207 теңге сомасында. Өндірістік оқыту тәжірибесін өту кезінде барлық оқушылардың жеке шотына қаржы бөлінеді. Ол осы кезеңдегі тамақтанудың өтемақысы болып табылады. Жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған оқушыларға ай сайын 12188 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. АҚБ және жетім балалар құрамынан бітірушілерге қажет заттарды сатып алуға жәрдемақы мөлшері 35000 теңгені құрады. Колледж әкімшілігі жыл сайын «Бөбек» қайырымдылық қорына, балалар үйі және интернаттардың бітірушілеріне қайырымдылық көмек көрсетуіне өтініш білдіреді. Оқушыларды құжаттандыруда көмек беріледі. Қамқорлық кеңесі шешімімен қиын өмірлік жағдайларға түскен оқушыларға материалдық көмек көрсетіледі.

«Екібастұз құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК білім алатын ата-аналарының қарауынсыз қалғандарға, жетім балаларға, мүгедек-балаларға әлеуметтік көмекті жақсарту бойынша іс-шаралар

1. колледж жарамдылық туралы медициналық анықтама болған жағдайда мүгедек балаларға және жетім балалларға жалпы негізде оқуға түсу мүмкіндігі.
2. Жыл сайын «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша көмекші топқа көмекші жалпы орта мектеп бітірушілерін қабылдау.
3. Жоспарлы алдын алу медициналық байқауын өтер алдында мүгедектер үшін қажет жағдайлар құру.
4. Колледж жағдайына оқушылардың әлеуметтік бейімделуінің бұзылуын түзеу мақсатында әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыларға психологиялық демеушілік таныту.
5. Көмекші мектеп бітірушілерінің оқушылары үшін даму деңгейіне сәйкес ОӘК құрастыру.
6. Көмекші топ оқушылары үшін өндірістік тәжірибе және өндірістік оқытудың оқу жоспарында сағат санын арттыру.
7. Барлық оқу пәндері бойынша қосымша жеке сабақтарды ұйымдастыру.
8. Әлсіз денсаулығы бар оқушыларға дене тәрбиесі сабақтары үшін медициналық- сауықтыру топтары жұмысы.
9. Барлық оқушылар үшін сапалы ыстық тағам, тәжірибе өту кезінде дер кезінде өтемақы төлеу.
10. Ата-анасының қарауынсыз қалғандарға, жетім балаларға ай сайынғы шәкіртақы төлеу.
11. Жетім балалар бітірушілерін қажет заттар алу үшін төлемақы.
12. Колледж бітірушілерге жұмысқа орналасуға көмек.

Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *