Жаңалықтар

Автор: admin от 9-04-2013, 16:03, көргендер: 14275

0

Жыл сайынғы дәстүрлі «Мамандық тұсаукесері» 19 ақпанда өтті. Кәсіптік бағдарлау мақсатында қаланың ЖОМ мектептерінің 9-сыныптары, БАҚ шақырылды. Мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі: «үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», «электргазбендәнекерлеуші», «ішкі санитарлық-техникалық құрылғылар мен вентиляцияны монтаждау және пайдалану», «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «аспаз-кондитер» мамандықтар таныстырылды. Іс-шара барысында ертегі инсценировкасы, стэм, үгіт бригада көрсетіліп, кәсіптік мазмұндағы әзілмен аралас әндер шырқалды. Сонымен қатар слайдтық көрсетілімдер болды. Тұсаукесерді құзыретті әділ-қазылар бағалады. «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша тұсаукесер көрсеткен қыздар жеңіске жетті.

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында колледж студенттері «Бір отбасында» шығармалар сайысына, құттықтау газеті конкурсына қатынасты. «Фемида» құқықтық клубының мүшелері, жетекшісі Бабаева Н.З. «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың!» тақырыбында 2 –курс оқушылары үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды. 1,2 курстың барлық топтарында тәрбие сағаттары өтілді. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» салтанатты іс-шарасын 12 ОП-5к тобы әзірледі, сынып жетекші Увалиева С. З. және өндірістік оқыту шебері Тұрсын С.
Жаңалықтар
2012 жылы біздің оқу орнының 50-жылдық мерейтойы аталып өтті. 30 қарашада өткен салтанатты жиын біздің ұжым педагогтарының хорымен ашылды. Оқу орнын құттықтауға қала әкімдігінің өкілі, қала оқу орындарының директорлары, әлеуметтік серіктестер, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар келді. Бұл іс-шарада бітіріп кеткен оқушылардың өнер көрсетуі ерекше мақтаныш болды. Іс-шара барысында оқу орнының тарихы және қазіргі өмірі туралы бейне- тұсаукесерлер көрсетілді және көркем нөмірлер болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 20-жылдық мерейтойына қаланың АОО-ның АӘД жетекшілерінің қатысуымен қараша айында дөңгелек үстел аясына «Тарихи альманах» іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараны дайындаған және өткізген 11 СД-3к және 11ТО-5 топтардың сынып жетекшілері және өндірістік оқыту шеберлері: Исина Д. А., Алимханова Н. К., Золотухина С. Н., Хожа Б. Б. «Бүркіт» және «Құлагер» командалары викторинаға, сөзжұмбақ шешуге, «Полиглот», «Блиц-турнир» конкурстарына қатынасты. Барлық конкурс тапсырмалары мемлекеттік рәміздерге байланысты болды. Сонымен қатар патриоттық тақырыпта музыкалық нөмірлер орындалды. Қорытындыны АӘД жетекшілер құрамынан және колледж әкімшілігі мүшелері шығарды
Жаңалықтар
Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған айлық аясында қыркүйек айында бірнеше іс-шаралар өтілді, атап айтсақ:
- «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» әр тілдердегі шығармалардың кітап көрмесі ;
- өзге ұлт өкілдері арасындағы ИПҰ мүшелері үшін мемлекеттік тілді білуіне байланысты конкурс;
- «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтудегі менің жеке үлесім» акциясы;
- «Тіл – сан ғасырлар шежіресі» әдеби кеш;
- «Менің Қазақстаным» туған тілдеріндегі шығармалар конкурсы;
Айлық «Әр халық тілі мәртебелі» салтанатты іс-шарамен қорытындыланды, бұл іс-шараны әзірлеген №11 ТО-5 топ студенттері және жетекшілер
Исина Д. А. және Золотухина С. Н. Жүргізушілер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйледі. Қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын, неміс, украин тілдерінде өлең оқыды, ән айтты, көріністер қойды, бірнеше тіл білу қажеттілігі туралы ой қозғады.
Жаңалықтар
Мұғалімдер күні жыл сайын кәсіптік-техникалық білім беру жұмыскерлері күнімен бірге аталып өтіледі. Бұл іс-шараға оқу орны қабырғасынан зейнеткерлікке шыққан педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылады. Осы оқу жылында инженерлі-педагогикалық ұжымды құттықтауға әлеуметтік серіктестіктер «ЕЭК» АҚ, «Восточный» разрезі «Восток» тобымен және бітіріп кеткен оқушылар «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері келіп, өз өнерлерін көрсетті.
Жаңалықтар

2015 жылғы 22  қазанда  Екібастұз аумағы бойынша жемқорлыққа қарсы әрекет  жөніндегі мемлекет қызмет істері бойынша ауданаралық басқармасымен біріге ЦРМИ ұйымдастырған «Жастар таңдауы-жемқорлықсыз мемлекет» акциясы аясында Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінде «Жемқорлықты бірге жеңейік!» тақырыбында спорттық «Қызықты старт»  өтті. Іс-шараны басшының тәрби жұмысы жөніндегі орынбасары Полуда Е. А., дене шынықтыру пәні оқытушысы Якушев В. В.  өткізді. Шақырылғандар арасында Екібастұз аумағы бойынша жемқорлыққа қарсы әрекет  жөніндегі мемлекет қызмет істері бойынша ауданаралық басқармасы маманы Нурбаев Е. А.  Қаланың жастар бастамасын дамыту орталығының маманы Тлеулес Жастілек. Колледж ұлдарының 2 командасы жарысқа түстіКөрермен ретінде 1,2 курс студенттері,педагогтар болды

 

Құқықтық және саяси тәрбие бағдарлама

Гуманитарлық циклдің пәндік апталығы 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап

25 қыркүйек аралығында өтті. 

7 іс-шара жоспарланып, өткізілді.

 «Тіл- достық және келісім кепілі»  аптаның ашылуын тарих пәнінің оқытушысы  Есова К.А. 1 және 2 курс студенттерімен өткізді ;«Біздің тарих беттерінен» зияткерлік ойынын 14СД4 және 14СД3к топтарында тарих пәнінің оқытушысы  Бабаева Н.З., өткізді;«Тіл- халық жаны» жалпы колледждік мәнерлеп оқу конкурсын орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы  Бахтиярова А.Ж. 1 және 2 курстың студенттері арасында өткізді; «Абай дара, Абай - дана қазақта!» 15 С-2к тобында әдеби кешін  қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Момынова Н.И. өткізді; «Ұлыбританияға саяхат»  15-С1к көмекші тобында ағылшын тілі пәні оқытушысы Исина Д.А.  өткізді; «Тілім-менің тірегім»  жалпы колледждік іс-шараны 13СД3к тобымен  қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Сагынбекова А..Ж. өткізді; «Америкадағы мерекелер» танымдық альманахты  14-ОП-5 тобында ағылшын тілі пәні оқытушысы Муратова Л.А.. өткізді.

Пәндер бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар

  Гуманитарлық циклдің пәндік апталығы білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, патриоттық сезімін тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік берді. 

     Пәндік апталық пәнді оқып үйренуге деген қызығушылықты арттыруда жақсы ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс болып табылады. 2015 жылғы 5 мен 9 қазан аралығында  жаратылыстану-математикалық циклінің пәндік апталығы өтті. Аптаға осы циклдік барлық оқытушылары қатысты. Пәндік аптаның өтілуі сабақтан тыс қызметтің барлық түрлерін қамтыды. Ұжымдық және жеке дара жұмыс түрлері үйлесімді болды. Аптаның  салтанатты ашылуын химия пәнінің оқытушысы Жаминова А.М. жиында өткізді.

15ТО-3 тобында «45 минут ішінде әлемді шарлау» конкурстық ойынын география пәнінің оқытушысы  Есова К.А. өткізді; «Ой сергіту ойыны»  конкурсын  15ТО-3 тобында информатика пәнінің оқытушы Увалиева С.З. өткізді; «Атомдық  физика және экологиялық апат белгілері»  сабақ турды  15ОП-4 тобында  Абенова М.К. өткізді; «Ақпараттық паутина» ойынын  15ОП-4 тобында Абдуллин Б.С. өткізді.  Пәндік апталық шығармашылық ахуалда өтті және жұмыстың жоғары нәтижелілігін көрсетті. Балық іс-шаралар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттығуа, ой-өрісін кеңейтуге, білімін тереңдетуге  бағытталды.


Санат: ---

Құрметті келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде ендіңіз.
Біз сізге ұсынамыз Тіркелу немесе сайтқа өз атыңмен кіру.

Добавление комментария

Аты:*
E-Mail:*
Сұхбат:
Суреттен екі сөз енгізіңіз: *