«Цифрлық Қазақстан»

Автор: admin от 25-04-2018, 14:37, Көргендер: 26

0

2018 жылғы 25 сәуірде «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаның бір бағытын жүзеге асыру аясында колледжде оқытушылардың электронды портфолиосының байқауы өтті. Портфолио оқытушылардың жұмыс нәтижесінің: білім берушілік, тәрбиелік, ғылыми, өздігінен білімін жетілдірудің жиынтығы болып табылады. Электронды портфолионы қарау кезіндегі маңызды өлшемдердің бірі педагогтардың он-лайн және оффлайн тәртібінде сабақтар өткізу үшін цифрлық білім берушілік контентін құру, оқу және сыныптан тыс уақытта АКТ түрлі нысандарын қолдану болып табылады.

«Цифрлық Қазақстан»

Санат: ---

 

Ашық есік күндері

Автор: admin от 20-04-2018, 15:51, Көргендер: 487

0

   20 сәуірде  «Екібастұз құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК-да мемлекеттік тілде білім алатын қаланың 9-сыныптары үшін Ашық есік күндері өтті. Колледж фойесінде студенттердің техникалық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.  Үгіт бригадасы қатысушылары оқушыларға студент өмірі, оқу орнының тарихы туралы мәлімет берді.  Мамандық маңыздылығы және өзара серіктестік туралы ЖК директоры  Сейсенбаев Е.М. айтып өтті. Саяхат кезінде тоғызыншы сынып оқушыларына оқу кабинеттері, өндірістік шеберханалар көрсетілді. Іс-шара оқушылардың  колледжде білім алуға қызығушылығын арттыруға септігін тигізді.  

Санат: ---

 

«Түркі тілдес халық жазбалар күні»

Автор: admin от 19-04-2018, 08:46, Көргендер: 186

0

 2018 жылғы 18 сәуірде Достық үйінде  қалалық «Түркі  тілдес халық жазбалар күні»  тақырыбында фестиваль  өтті. Іс-шараға  1-курс студенттері Сайлау Ақбота және Есмұқан Ақерке қатысты. Қыздар көне түркі жазуының тарихы, зерттелуі, құнды жәдігерлер туралы слайдар көрсете отырып, мәлімет берді. Қатысушылар Алғыс хаттарға ие болды.

«Түркі  тілдес халық жазбалар күні»
«Түркі  тілдес халық жазбалар күні»

Санат: ---